ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жоғалып кеткен 18 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Қыздың әкесі Олег Юлдашевтің айтуынша, Лаура бүгін үйге оралды. Дені сау, қазір демалып жатыр.
«Түсіністік танытып, іздеуге атсалысқандардың бәріне алғысымды айтамын», - деді О.Юлдашев.
Оқиғаның жай-жапсары кейін толық белгілі болмақ.
Еске сала кетейік, кеше М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен шыққаннан кейін үйіне оралмаған Лаура Юлдашеваның жоғалып кеткені жөнінде ата-анасы хабарлап, іздеу салған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).