ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жоғалып кеткен Жанаргүл Нұрғазиева іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызы Айжанар Қуанышқалиеваның айтуынша, 1975 жылғы анасы 15 сәуір күні сағат 10-да жұмысқа кеткеннен оралмаған.
Урдинская көшесі 2/9-мекенжайындағы үйінен шығып кеткенмен, жұмысқа бармаған.
Үстіне қызыл жилет киген, қара шалбар, қызыл кроссовкасы, қара сөмкесі болған. Бойы 165 см.
«Анам көп ақшамен кеткен. Телефондары жауап бермейді. Жан-жаққа сұрау салып, бар амалын жасап жатырмыз. Полиция да іздестіруде. Егер бір дерек білетіндер болса, 8-747-501-34-25 телефонына хабарласса дейміз», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Қуанышқалиева.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).