ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жоғалып кеткен 18 жасар қыз іздестірілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Лаура Юлдашева кеше М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен шыққаннан кейін үйіне оралмаған. Ол 1999 жылы 13 қаңтарда дүниеге келген, аталмыш ЖОО-ның 1-курсында оқиды.
«Қызымның жоғалғаны жөнінде ішкі істер органына, таныс-достарға, бәріне хабар бердік. Білетіндер болса, 87714339933 телефонына хабарласса екен», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне қыздың әкесі Олег Юлдашев.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).