ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жоғалған 9 жасар Ескендір аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаладағы №19 орта мектепте 3-сыныпта оқитын бала түске таман үйінен шығып кеткен.
Анасының сөзіне қарағанда, бала оған сағат 12.28-де хабарласып, мектепке баратынын айтқан. Содан кейін оның сөмкесі «Қазақстан» кинотеатрының маңынан табылып, өзі хабарсыз кеткен. Осыдан соң туыстары және полиция қызметкерлері қара күрте мен сұр баскиім киіп, сұр шарф таққан баланы іздеді.
БҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Наурызғалиеваның айтуынша, бала кешкісін, сағат 19.00-ден кейін табылды.
«Бала 6-шағынаудандағы «Алтындар» дүкенінде жүрген. Оған дейін қайда болғаны әзірге белгісіз», деді ҚазАқпарат тілшісіне Ә.Наурызғалиева.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалған он жасар баланың аман-есен табылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).