ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында жоғалып кеткен 21 жастағы студент үш күннен бері іздестіріліп жатыр.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Жеткерген Жамбылов 27 маусым күні сағат 08.30-да «Құрылысшы» шағынауданы 30-үй 10-пәтерден шығып кеткеннен оралмаған.
«Ерекше белгілері: азиат пішіндес, бойы 165-170 см, арықша келген. Үстіне қара толстовка, сұр түсті шалбар, аяғына қара кроссовка киген. Қазіргі кезде іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оған БҚО департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Жігітті көрген, хабары бар адамдар болса, 102 телефонына қоңырау шалуы сұралады», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында автокөлік қағып кеткен ер адамның мерт болғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).