ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен 53 жастағы әйел 9 күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіден мәлім болғанындай, Жұмағаным Меңешева 21 тамыз күні Ғ.Тоқай көшесі 64-мекенжайында орналасқан «Таң» дүкенінен шамамен сағат 11.00-де шығып кеткеннен оралмаған.
Ерекше белгілері: бойы 163 см, арықша келген, қой көзді, қара, қысқа шашты.
Үстіне сұр футболка, қызыл шалбар, аяғына қызыл кроссовка киген. Өзімен бірге ұялы телефоны болған.
Жоғалған әйел туралы ақпарат болса, 8-777-184-04-90 немесе 102 телефонына хабарласуға болады.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.
«Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жалғасуда», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жоғалған 3 жасар қыздың иісшіл иттің көмегімен табылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).