ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жоғалып кеткен 83 жастағы қарияның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қарияның денесі кеше сағат 12.00 шамасында Меловые горки кенті тұсында Жайық өзенінен табылды.
Өзенге батып кеткен марқұмның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Еске сала кетейік, Виктор Ярославцевтің іздестіріліп жатқаны жөнінде жазған болатынбыз.
Ол 27 наурыз күні Жайық өзені арқылы өтіп, саяжайға кеткеннен кейін қайта оралмаған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).