ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында жоғалып кеткен оқушы қыз бірнеше күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 2008 жылғы Зарина Нығметова 10 ақпан күні шамамен сағат 22.00-де Тополинская 1-мекенжайындағы үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.
«Қаладағы №34 орта мектепте оқитын қыз содан оралмаған. Бойы 162-165 см, арықша келген, қара шашы иығына түскен. Қоңыр-сарғыш түсті күрте, көк шалбар, қара етік киген. Ерекше белгілері жоқ. Қолында Самсунг телефоны (абоненттік нөмірі 8-747-445-32-17), қара күртесі мен джинсы шалбары салынған пакеті болған. Жасөспірімді көрген-білген жандар болса, Орал қаласы полиция басқармасына әкелуі немесе 8-711-2-92-18-41, 92-18-42, 8-778-105-21-25, 102 телефонына хабарласулары сұралады», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда сырғанақ теуіп жүрген 17 жасар қыздың ауыр жарақат алғанын болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).