ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен колледж студенті аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің 1-курс студенті Дархан Оралбаев кеше үйіне өзі келген.
Әлеуметтік желілер арқылы өзінің іздестіріліп жатқанын көрген жасөспірім үйіне оралуды жөн көрген.
Ол 20 қаңтар күні жоғалып кетіп, анасы 8-інші күні полицияға жүгінген болатын. Оның сөзіне қарағанда, ұлы бұдан бұрын да бірнеше рет үйінен кетіп қалған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).