ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жол апатынан 10 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 17 қараша күні сағат 09.10 шамасында Московская көшесінде болды.
22 жастағы жүргізуші қыз автокөлігімен 10 жасар баланы қағып кеткен. Бала ауыр халде қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Барлық ата-аналардың балаларына жол ережесін сақтауды ескертіп отыруы маңызды. Сондай-ақ жүргізушілер де мұқият болуы қажет. Қайғылы оқиғаға орай полиция департаменті баланың ата-анасы, жақындарына көңіл айтады», деді Б.Белгібеков.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі көлік соқтығысып, жүргізуші мерт болғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).