Оралда жол апатынан екі бала мен екі адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралда екі көлік бетпе-бет соқтығысып қалды. 31 қаңтарда сағат 21-30-да болған жол апатында бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.

«Рено Дастер» жүргізушісінің айтуынша, ол Чаган-Набережной көшесімен «Жазира» шағын ауданына қарай бара жатқан.

«Мен Чаган-Набережной көшесімен «Жазираға» бағытта, ал «Ауди» қарсы бетте келе жатты. Кейін көргендердің айтуынша, ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен», - дейді «Рено Дастер» жүргізушісі.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем көлігі «Ауди» жүргізушісі мен балалы келіншекті, сондай-ақ «Ренода» болған баланы алып кетті.

Қазір оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеуде.

Медет Медіресовтің фотосы