ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жол-көлік оқиғасынан кейін 2 кішкентай қыз бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 14 сәуір күні шамамен сағат 08.10-да Ғ.Құрманғалиев пен Чуйков көшелерінің қиылысында болды.
«Лада Гранта» және «Мазда» автокөліктерінің қатысуымен жол апаты болды.
Соның салдарынан «Лада Гранта» автокөлігінде отырған 2008 және 2011 жылғы қыздар түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. Жәбірленушілердің нақты диагнозы анықталғаннан кейін құқықтық баға берілетін болады», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 10 тоннадай жүк тиелген автокөлік өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).