Оралда жол апатынан кейін скутер жүргізушісі ауруханаға жеткізілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 3 шілде күні шамамен 16 сағат 15 минутта 1998 жылғы М. деген жүргізуші «Audi B4» көлігімен Сарайшық көшесімен келе жатып, бағдаршамның жүруге тыйым салған белгісіне қарамастан, Мұхит көшесі бойымен өтіп бара жатқан скутермен соқтығысуға жол берген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның салдарынан скутердің 1973 жылғы Л. деген жүргізушісі бас-ми жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Қазіргі кезде аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.