ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында жол апатынан үш жасөспірім жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға кеше сағат 22.00-лер шамасында Зачаган кентіндегі Жәңгір хан көшесі бойында орын алды.
«ВАЗ-2114» көлігі қоршауға соғылған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, қазіргі кезде 2002 және 2004 жылғы екі жасөспірім қалалық көпбейінді ауруханада. 2002 жылғы тағы бір жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жолданды. Үшеуінің де жағдайы ауыр емес.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).