ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында жол апатынан жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 30 қазанда «Саяхат» аялдамасы тұсында болды.
«Жедел жәрдем түнгі сағат 02.34-те шақыртылды. Алған жарақаттары салдарынан жас жігіт оқиға орнында қаза тапты. 1977 жылы туған әйел бас пен мидың жабық жарақатын алған, миы шайқалған. Ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы болғанын растап, ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).