ОРАЛ. ҚазАқпарат - 20 тамыз күні таңғы сағат 06.00 шамасында 1996 жылғы әскери қызметші «Лада Калина» автокөлігімен Подстепный-Меловые горки бағытындағы жолмен келе жатып, рульге ие бола алмай, Жайық өзенінен өтетін көпірдің қоршауына соғылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жүргізуші оқиға орнында көз жұмған. Автокөлікте отырған 1977 жылғы ер адам мен 1972 жылғы азаматша түрлі жарақатпен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді.
Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).