ОРАЛ. ҚазАқпарат - 14 мамыр күні кешкісін Оралға қарасты Зачаган кентіндегі №6 емхана маңында №7 бағытпен жүретін «ПАЗ» ныспылы жолаушылар автобусы мен «Мерседес» көлігі соқтығысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, салдарынан автобус бір бүйіріне аударылып қалған. Газ шығып, өрт болмас үшін өрт сөндірушілер оны көбікпен көміп тастаған. Автобуста жолаушылар болмаса да, бірнеше адам жарақат алған деген дерек бар.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).