ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін шамамен сағат 09.00-де Жәңгір хан көшесі бойында болды.
Екінші бағытпен жүретін автобус жүргізушісі тұрған автобусты басып озамын деп 21 жастағы жігітті қағып кетті.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, алдын ала диагноз бойынша жас жігіт бас пен мидың жарақатын алып, миы шайқалған. Сондай-ақ сол жақ тобығы сынған. Ол облыстық ауруханаға жеткізілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).