Оралда жолдың қарсы бетіне шығып кеткен 22 жүргізуші куәлігінен айырылды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында жолдың қарсы бетіне шығып кеткен 22 жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотынан түскен мәліметке қарағанда, аталған жүргізушілер бұрылған және кері айналған кезде жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жол қозғалысы ережесін бұзған.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 596-бабы 4-бөлігіне сәйкес мұндай құқықбұзушылық алты айға көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. Жүргізушілерге мұндай қадамға екінші рет барса, 50 АЕК көлемінде айыппұл салынатыны ескертілді.

Айта кетейік, өңірде жолдың қарсы бетіне шығып кетуден жол-көлік оқиғалары аз болып жатқан жоқ.