ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда велосипедімен жүк көлігіне соғылған 6 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, қалалық көпбейінді ауруханада жатқан бала кеше қайтыс болды.
Бұдан бұрын жазғанымыздай, оқиға 11 сәуір күні сағат 13.30 шамасында болды. Ұзын тіркемесі бар «КамАЗ» жүк көлігі бұрылып жатқан кезде балдырған велосипедімен оның артқы доңғалағына соғылып, ұшып кеткен. Бала дүкеннен келе жатқан. Ол ауруханаға ауыр халде жеткізілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).