Оралда жыл басынан 28 тұрғын үйде өрт болды

None
ОРАЛ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Орал қаласы аумағында 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 28 тұрғын үйде өрт оқиғасы болды.

Бұл жөнінде Орал қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Бейбіт Қалимулдин хабарлады.

Өрт оқиғаларын сараптап қарағанда, тұрғын үйдегі өрттер негізінен үй иелерінің салақтығынан, электр және газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбаудан, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан туындаған. Айталық, Самал-2 шағын ауданында газ баллонды орнату кезінде жарылыс болса, Линдовская көшесіндегі бір үйде газ пешінен ақау шығып, өртке ұласты. Ал Достық даңғылы бойындағы 14 қабатты тұрғын үйде болған оқыс оқиға кезінде 76 тұрғын (оның жетеуі - жас бала) қауіпсіз жерге көшірілді. Биік үйдің желдеткіш шахтасында телекоммуникация сымдары зақымданып, өрт шыққан.