ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласында зорлықпен өлтірілген ер адамның мүрдесі табылды.БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2 ақпан күні болды.
«Таңғы сағат 08.10-да Дәулеткерей көшесі бойындағы үйлердің бірінің жанынан ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған. Кісі өлтіру дерегі бойынша Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазіргі кезде аталған қылмысты ашу және күдіктіні анықтауға бағыттталған жедел іздестіру іс-шаралары атқарылуда. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, Оралда балабақшада шкафтың құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).