ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы прокуратурасы шаһардағы мектепке дейінгі ұйымдардың бірінің қызметін тексеру барысында бюджет қаржысын жымқыру дерегін анықтады.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жұмысқа қағаз жүзінде қабылданып, шын мәнісінде қызметін атқармаған психолог 2014 жылдың маусымынан 2015 жылдың қазанына дейін жалақы алып келген. Осылайша психологтың «жұмысына» 700 мыңнан астам теңге негізсіз төленген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).