ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы бұдан бұрын ақталған жасөспірімге қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 17 жасар Даниил Романов қарбыз сатумен айналысқан 21 жасар тұрғынды өлтірді деп айыпталған болатын.
Апелляциялық сот алқасы ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 431-бабы 1-бөлігін басшылыққа ала отырып, бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз, апелляциялық шағым мен прокурордың өтінішін қанағаттандырусыз қалдырды. Осылайша, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының биылғы 16 қаңтардағы Даниил Романовқа қатысты ақтау үкімі мен облыстық ішкі істер департаменті басшылығы мен тергеу прокуроры атына шығарылған жеке ұйғарым өзгеріссіз қалды.
Еске сала кетейік, Оралда саяжай аумағында 21 жасар жігіттің мүрдесі табылғаны жөнінде бұдан бұрын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).