АЛ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралдағы «Медицина орталығы» ЖШС-да компьютерлік томография кабинеті ашылды.
Оның таныстырылымында аталмыш ЖШС дәрігері Нұрлан Аманжоловтың атап өткеніндей, қазіргі заманғы аппаратураға түсіру 10 секунд қана уақыт алады. Бірнеше минут ішінде дұрыс диагноз қоюға болады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қамидоллла Ирменовтің айтуынша, компьютерлік томографтың қондырылуы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындарға медициналық қызмет сапасын жақсарту бағытында алға қойған міндеттердің орындалып отырғанын көрсетеді. Жоғары технологияға негізделген диагноз қою мен емдеудің тек мемлекеттік мекемелерде ғана емес, бюджеттен тыс қаржыға жеке клиникаларда енгізілуі өте маңызды. Бұл ретте мұндай мекемелердің де мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір көлемін орындап, соған сәйкес тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіп отырғанын айту керек.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).