ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы мектеп-интернатта бір күнде 12 бала ауырып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Үміт Жәңгірованың айтуынша, оқиға М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында 4 сәуір күні кешкісін орын алды.
Сағат 19.30-да 12 оқушы жағдайының нашарлағанын айтып, шағымданғаннан кейін мектептің медициналық изоляторына жатқызылған. Мектеп дәрігерлері барлық ем-шараны қабылдап, балаларды бақылауға алды. Осы мектеп бекітілген №6 емханадан жұқпалы аурулар дәрігері шақыртылды.
Балалардың жағдайы қанағаттанарлық.
«5 сәуір күні сағат 16.30-дағы жағдай бойынша изоляторда жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) диагнозымен үш оқушы қалды. Қалғандары интернатқа ауыстырылды», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Ү.Жәңгірова.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиға орнына жедел жәрдемнің шақырылмағанын жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).