ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы №23 мектептен 100-ден астам оқушы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 101 нөміріне бүгін сағат 14.05-те қоңырау шалынған.
Е.Орақбаев көшесі бойында орналасқан мектеп ғимаратында электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алып, түтіндеген.
Мектеп ғимаратынан 114 адам (104 оқушы, 10 қызметкер) шығарылды.
Оқиға орнына жеке құрамнан 23 адам 7 техникамен барды.
Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).