ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралдағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, Д.Қонаев шағынауданы 68-үйдің 17-пәтерінде (5-қабат) өрт болғаны жөнінде хабар сағат 08.27-де түскен.
Оқиға орнынан 50 адам көшірілсе, соның 10-ы - балалар. Құтқарылған 17 адамның үшеуі - балалар.
Аумағы 25 шаршы метрді қамтыған өрттің 09.29-да беті қайтып, 11.11-де толықтай сөндірілген. Оқиға орын алған №17 пәтерден 1933 жылғы зейнеткер әйелдің мүрдесі табылған.
Өрттің себеп-салдары, келтірілген шығын анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).