ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы түзету мекемесінен жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың табылуына байланысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 29 наурыз күні БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің РУ-170/3 түзету мекемесінде орын алды.
Аталған түзету мекемесінен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыға ұқсас зат табылған.
«Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабына (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).