ОРАЛ. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Орал қаласында биыл абаттандырылған Жайық жағалауында бүгін жасыл шыршалар отырғызылды.
Шараға қатысқан Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, барлық технологиялық талаптарды сақтай отырып, мұнда 50, қаланың басқа жерлеріне 150 шырша отырғызылды. Жуырда Салтанат сарайы жанында, қаланың басқа шағынаудандарында жаңа бақтар пайда болды. Желтоқсан айында шаһарда барлығы 400 шырша егілді.
Алдағы жылдың наурыз айында қаланың басқа аумақтарына да қарағай мен шыршалар егілетін болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).