Оралдың «Ақжайығы» көш басындағы команданы тізе бүктірді
ОРАЛ. KAZINFORM — Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» «Жастар» стадионында «Маяк» (Краснотурьинск) командасын қабылдады.
Фото: "Ақжайық" спорт клубы
Екінші топта «Маяк» 22 ұпаймен көш бастап келе жатқан-ды.
Фото: "Ақжайық" спорт клубы
Тартысты өткен ойында оралдық Николай Шавалдиннің шәкірттері 5:3 есебімен «Маякты» тізе бүктірді.
«Ақжайықтан» команда капитаны Максим Өтебалиев қарсыластың қақпасына қос доп енгізсе, ресейлік сұрмерген Максим Пахомов хет-триктің авторы атанды.
Қонақтардан Михаил Калистратов 2, Денис Мубинов 1 гол соқты.
Фото: "Ақжайық" спорт клубы
Ертең қос клуб екінші кездесуін өткізеді.
Осы ойыннан кейін 21 ұпай жинаған «Ақжайық» үздік үштікке енді.
Фото: "Ақжайық" спорт клубы
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» ресейлік команданы екінші рет ұтқанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).