ОРАЛ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қызылорда қаласында «Нұр Отан» ХДП-ның 10 жылдығына орай өткен «Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам!» атты республикалық ақындар айтысында батысқазақстандық Жансая Мусина сәтті өнер көрсетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық халық шығармашылығы орталығының қолдауымен айтысқа қатысқан жас ақын жүлделі үшінші орынды иеленді. Бұдан бұрын да республикалық додаларда жүлде алып жүрген Ж.Мусина ? М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі, қазір осында оқытушы болып еңбек етеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).