ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдық «Грация» клубының волейболшы қыздары 1993-1994 жылғылар арасында Пенза қаласында өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс құрамасының аға бапкері Көлеңке Ғұбашевтің айтуынша, жарысқа барлығы он алты команда қатысқан, соның ішінде украиндық, белорустық қыздар да бар. Пензалықтар ? екінші, сарытаулық команда үшінші орынды иеленді. Оралдықтардан Людмила Фокшук ? үздік шабуылшы, Айна Ғұбашева үздік байланыстырушы атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).