Оралдық гроссмейстер М.Қажығалиев Мәскеуде өтіп жатқан дәстүрлі турнирге қатысуда
19:47, 05 Ақпан 2009
ОРАЛ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдық белгілі шахматшы, халықаралық гроссмейстер Мұртас Қажығалиев «Moscow Open» халықаралық шахмат фестиваліне қатысуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Биыл бесінші рет өткізіліп отырған дәстүрлі турнир ақпанның 8-інде мәреге жетпек.
Қазақстанның маңдайалды шахматшысы бұған дейін блицтен Парижде өткен халықаралық жарысқа қатысып, үш жүз адамның арасынан бірінші орынды иеленген болатын.