Оралдық гроссмейстер М.Қажығалиев Мәскеуде өтіп жатқан дәстүрлі турнирге қатысуда

ОРАЛ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдық белгілі шахматшы, халықаралық гроссмейстер Мұртас Қажығалиев «Moscow Open» халықаралық шахмат фестиваліне қатысуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Биыл бесінші рет өткізіліп отырған дәстүрлі турнир ақпанның 8-інде мәреге жетпек. Қазақстанның маңдайалды шахматшысы бұған дейін блицтен Парижде өткен халықаралық жарысқа қатысып, үш жүз адамның арасынан бірінші орынды иеленген болатын.