Оралдық неміс жігіті дәстүрлі ислам дінін қабылдап, мұсылмандық парызын бұлжытпай орындап келеді

None
ОРАЛ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында тұратын неміс жігіті Геннадий Франк дәстүрлі ислам дінін қабылдап, мұсылман парызын бұлжытпай орындап келеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Балалар үйінде тәрбиеленген Геннадий жолдас жігітінің үйінен Құранды оқып, қасиетті кітап сөздеріне бірден ұйыған. Бұдан он жыл бұрын қазақ қызы Жанармен көңілі жарасып, некесін мешітте қидырған ол ? бүгінде бір ұл, бір қыздың әкесі. Зайыбы да исламның бар талабын бұлжытпай орындайды. Жас кезінде қиындық көрсе де, қазіргі кезде жанға жайлы пәтері, «темір тұлпары» бар Геннадий Франк ? жоғары білімді заңгер, фармацевтикалық бағыттағы «Алуа» компаниясының БҚО-дағы ресми өкілі. Жарасымды ұяның отағасы: «Осының бәрі ? елдегі береке-бірлік, ынтымақтың арқасы»,- дейді.