Оралдық шаңғышы Еуропа кубогі кезеңінде жүлдегер атанды
13:56, 21 Қаңтар 2009
ОРАЛ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Украинаның Харьков қаласында шаңғы спортынан Еуропа кубогі кезеңі өткізіліп,
оған сегіз елдің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке сілтеме жасап.
Украина, Ресей, Чехия, Германия, Беларус, Армения, Австрия шаңғышыларымен бәсекеге түскен оралдық белгілі спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елена Антонова 7,5 шақырым қашықтықта екінші орынды иеленді.
Қазіргі кезде Е.Антонова Австрияда шеберлігін жетілдіруде. Одан кейін Италиядағы оқу-жаттығу жиынына қатыспақ. Мұның бәрі ақпанның 18-і мен наурыздың 1-і аралығында Либерец (Чехия) қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындық есебінде қарастырылуда.