ОРАЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдық таэквондошылар Сызрань қаласында өткен Самара облысының ашық біріншілігіне қатысып, табыспен оралды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оралдық команда құрамында 1995-1999 жылдары туған сегіз спортшы болса, соның екеуі қыз бала еді. Жанбота Жаскелең, Артур Марабян, Марат Өтепов жеңіс тұғырына көтерілсе, Дана Мүбәракова екінші, үшінші орындарды еншіледі. Дастан Ануханов екінші жүлдені иеленді.
Барлығы он команда қатысқан жарыста оралдықтар жалпыкомандалық есепте үшінші орыннан көрінді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).