Оралдық тұрғын өзінің үйін есірткі ұясына айналдырған

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралдық тұрғынның өз үйін есірткіге тәуелділердің ұясына айналдырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментініңбаспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған қылмыс «Көкнәр-2019» жедел алдын алу шарасы барысында белгілі болды.

37 жасар тұрғынныңпәтерін тінткенде, пайдаланылған шприцтер, есірткі дайындауға арналған ыдысжәне басқа түрлі құрылғылар табылған. Бұдан бөлек кеседе сараптамақорытындысына сәйкес экстракциялық апиын түріндегі сұйықтық тұрғаныанықталды.

Күдіктіге қатыстыҚР ҚК 302-бабы 1-бөлігіне (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестердітұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшiнүй-жайлар беру) және 296-бабы 2-бөлігіне (есірткі, психотроптық заттармен, солтектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сәйкесқылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік,биылғы алты айда өңірде есірткіге қатысты 291 заңбұзушылық тіркелді. Соның 15-іесірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз сақтауға байланысты. Сондай-ақ 5есірткі тектес өсімдік өсіру дерегі әшкереленді. 2 есірткі ұясы жойылды. 8 кг есірткі және психотроптықзаттар заңсыз айналымнан алынды.