Онда ел намысын қорғаған Оралдың ««Грация-KZ» командасы жарыс жеңімпазы атанды. 32 команда қатысқан бұл байрақты бәсекеде олар топтық кезеңде Венгрия, Чехия, Польша, Черногория және Германиядан келген командаларды 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал жартылай финалда косоволықтардан, финалда сербиялықтардан 2:1 есебімен басым түсті. Сондай-ақ ұлттық құрама мүшесі Зарина Сейітқазинова турнирдің үздік ойыншысы, ал 13 жасар Дина Ғұбашева турнирдің ең жасы ойыншысы атанды. Команданың бас бапкері К. ҒҰбашев бұл додада Элина Надыршина, Диана Губашева, Айнагүл Айжарықова, Зарина Сейітқазинова, Аймира Мұқтажева, Айна Ғұбашева, Оксана Гвоздович, Мира Ғұбашеваға сенім артқан болатын.
19:37, 23 Тамыз 2012
Оралдық волейболшы қыздар Венгрияда халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
АЛМАТЫ. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Венгрияның Дебрецен қаласында 16-21 тамыз күндері волейболдан 20 жасқа дейінгі жастар командалары арасында ХVI халықаралық турнир өтті.