Оралдық жастар қарттар үйінде өнер көрсетті

None
ОРАЛ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «БҚО жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мен «Жас қанат» жастар ұйымы қазақтың көрісу айты мен Наурыз мерекесіне орай Орал қаласындағы қарттар үйінде болып, қайырымдылық шарасын өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жастар қарттар үйінен пана тауып, мемлекет қамқорлығына алынған жандарға сәлем беріп, өз өнерлерін көрсетті. Ән тыңдап, шахмат, дойбы ойынына қатысқан қамкөңіл қариялар бір жасап қалды.