Оралдықтар «Алтын доп» мектеп лигасы финалдық ойындарынан жүлдемен оралды
18:19, 21 Қараша 2014
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдық оқушылар Шучинск қаласында баскетболдан өткен «Алтын доп» мектеп лигасы финалдық ойындарынан жүлдемен оралды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана, Орал, Жезқазған және Щучинск қалаларының командалары қатысты.
Орал қаласының намысын №1 орта мектеп оқушылары қорғап, қыздар мен бозбалалар арасынан да үшінші орынды еншіледі. Ер балалар арасында алғашқы екі орынды Алматы, Қызылорда облыстары командалары иеленсе, қыздардан қызылордалықтар мен жезқазғандықтар үздік шықты. Оралдық оқушыларды Досым Қуанаев пен Елдос Берғалиев жаттықтырады.