ОРАЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдықтар дәстүрлі қысты шығарып салу мейрамын атап өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық мәдениет және демалыс саябағында түрлі ойындар көрсетіліп, жұртшылық қызыққа кенелді. Ертегі кейіпкерлері сахнаға шығып, қала өнерпаздары концерт қойды.
Ежелгі славян мейрамы ? Масленицаны түрлі ұлт өкілдері бірлесе тойлап, кәрі қысты бірге шығарып салып, көктемді көңілді қарсы алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).