ОРАЛ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы М.Мәметова атындағы мұражайда ауған соғысы ардагерлерімен кездесу болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұражай қызметкері Әлия Еркінғалиева жинақталған материалдармен таныстырса, ауғандық жауынгер Мирболат Жанғалиев, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Фронтовичка» клубының төрайымы Алевтина Митрохина майдан жолдарынан естеліктер айтып, қаруластарын еске түсірді. Кездесуге сондай-ақ ауған жерінде от кешкен Құрманғали Махмұдов, Виктор Гниломедов те қатысты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).