Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында ірі есеппен жеңіске жетті
21:33, 22 Желтоқсан 2009
ОРАЛ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы бірінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» бүгін «Жастық» стадионында Нерехтаның «Старт» командасын қабылдап, 8;1 есебімен жеңіске жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айдын иелерінен командаға биыл Краснотурьинскіден алынған Сергей Кем бес доп соғып, көзге түсті. Сондай-ақ Алексей Фошин қонақтар қақпасын екі рет дәл көздесе, Эдуард Кондратьев тағы бір голдың авторы атанды. Бұған қонақтардан Вилен Асаинов бір ғана доппен жауап қайырды.
Команданың бас бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Алексей Никишовтың айтуынша, «Ақжайық» биыл да финалдық ойындарға шығуды мақсат етіп отыр. Биыл әр топтан үш үздік команда жолдама алады. «Ақжайық» құрамында жас ойыншылар да баршылық.