Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында тағы да жеңіске жетті

None
ОРАЛ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы бірінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» бүгін өз айдынында Нерехтаның «Стартымен» екінші кездесуін өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Матчтың 15-минутында жас ойыншы Сергей Кем есеп ашса, одан көп өтпей-ақ тәжірибелі хоккейші Алексей Фошин қақпа кілтін дәл тапты. 42-минутта команда капитаны Владислав Новожилов есепті 3:0-ге жеткізді. Ойынның екінші кезеңінде есеп өзгере қойған жоқ.

Оралдықтар келесі кездесуін желтоқсанның 26-27-сінде Самараның ЦСК ВВС командасымен өткізеді. Биылғы маусымашар матчтарында «Ақжайық» самаралықтардан екі мәрте жеңіліп қалған болатын. Енді өз айдынында есе қайырмақ ниетте.