Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында жеңіліп қалды
19:13, 24 Ақпан 2010
ОРАЛ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» ақпанның 24-інде өзінің негізгі қарсыластарының бірі Саратовтың «Универсалын» қабылдап, 0:4 есебімен ұтылып қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ресей чемпионаты бірінші лигасы бірінші тобында ойнайтын «Ақжайықтың» қоржынында бұрынғысынша 51 ұпай болса, «Универсал» 54 ұпаймен екінші орынға шықты. Ертең бұл командалар екінші кездесулерін өткізеді. Қалған ойындарын ширақ өткізбесе, «Ақжайықтың» алғашқы үштіктің қатарынан көрінбей қалуы да ғажап емес. Осы топта бастапқы үш орынды иеленген командалар Мончегорск қаласында өткізілетін финалдық сайыстарға қатысады.