Оралға қарасты Деркөл кентінде аспалы көпір пайдалануға берілді
16:51, 08 Мамыр 2009
ОРАЛ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Мамырдың 8-інде Оралға қарасты Деркөл кентінде жаяу жүргіншілер үшін аспалы көпір пайдалануға берілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұзындығы 88 метрлік көпірді «Батысжолқұрылыс» ЖШС қысқа мерзімде салып бітірді. Осы мақсатқа 20 млн. теңге бөлінді.
Деркөл кенттік округінің әкімі Тимур Ашығалиевтің айтуынша, Деркөл өзенінің арғы бетінде ауылдың жиырма шақты түтіні ғана емес, үш саяжай қоғамы бар. Сондай-ақ Зеленов ауданы Жамбыл ауылына да тікелей қатынауға мүмкіндік туды. Бұған дейін тұрғындар пароммен қатынап, қиындық көріп келген-ді.