«Оралман» акциясы ортамызды толтыра ала ма

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл аяғына дейін «Оралман» акциясы жүріп жатыр. Қазірдің өзінде акция ұсынған жеңілдік бойынша 4283 адам азаматтыққа құжат өткізген, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан соңғы бес жылда шетелдік мигранттарға қолайлы елдер арасында129-орыннан 77-орынға көтеріліпті. ҚР ішкі министрлігінің дерегі осылай дейді.Яғни шетелден екі қолға бір күрек сұрап келгендер үшін біздің ел жайлы болатүсті деген сөз. Тек өткен жылдың өзінде көші-қон қызметі арқылы 434 мыңнанастам рұқсат берілген. Тек еңбек рұқсатын 17480 мигрант алса, биыл жыл басынанбері 15848 шетелдік бізде жұмысқаорналасқан. Еңбек мигранттары үшін есігіайқара ашық Қазақстан қандастарымызды қалай қабылдап жатыр? Осы сауалға жауапіздеп, Нұр-Сұлтан қаласындағы көші-қон қызметінің орталығына бас сұққанбыз.

Айтуған Жылқыбай деген қандасымызды қолындағы құжаттарымен кезекте тұрғанжерінен жолықтырдық. Өзі Қытайдың Үрімжі қаласынан келіпті.

«Қазақстанға бірінші рет келуім. Осында нағашыларым бар. Ресмилікке салсақ,соларға қыдырып келдім деп айтуға болады. Ендігі мақсатым – Қазақстанның азаматтығын алу. Әйелім мен балаларым даосында. Оралман куәлігін алып болдық. Азаматтыққа өтініш беру үшін құжаттаржинап жүрмін», - дейді ол.

Сөзіне қарағанда, азаматтық рәсімдеуде Қазақстан тарапынан ешбір кедергіболмаған.

«Басында 4-5 күндей уақыт кеткен шығар. Медициналық анықтама алу сәлұзақтау екен. Бүкіл құжатты нотаруис арқылы қазақшаға аударттық. Енді азаматтыққатапсырамыз. Үрімжінің Іле ауданында туғанмын», - дейді қытайлық қазақ.

Осындай жолмен елге оралып жатқандардың қарасы көбейген көрінеді.Нұр-Сұлтан қаласының көші-қон полиция басқармасына қарасты азаматтық бөлімніңерекше тапсырма жөніндегі аға инспекторы Жанар Жақыпованың сөзіне сенсек,елордаға қоныс аударған қандастар саны биыл өткен жылғыдан әлдеқайда көпболатын түрі бар. 2018 жылы барлығы 368оралман көшіп келсе, биыл 6 айдың өзінде 583 адам қазақ астанасына қонысаударған.

«Оралман куәлігін алмағандар тұрақтытіркеуге тұрып, «оралман» мәртебесіне иеболып, ықтияр хат алғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтығына тікелейтапсыра алады. Оған ары кетсе 3 ай уақыт кетеді. Биылғы жылдың басты өзгрісіосы болып тұр», - дейді орталық өкілі.

Ал «Оралман» акциясының арқасында 200-ге жуық қандасымыз азаматтықрәсімдеген.

«Биыл наурыз айында «Оралман» акциясы бастау алды. Мақсаты – ұлты қазақшетел азаматтарына жеңілдікпен азаматтық беру. Акция басталғалы «оралман»мәртебесінің уақыты өтіп кеткен 198 қандасымыз анықталды. Оның 196-сыжеңілдікпен азаматтық рәсімдеп жатыр. Тек 2 адам азаматтық алудан бас тартты»,- дейді маман.

Бұл тек елордадағы статистика. Ал республика бойынша акция жарияланған сәттен бері оралманкуәлігінің мерзімі аяқталған 5122 этникалық қазақ құжат мерзімін ұзартқан. Оныңішінде 4283 адам азаматтыққа қабылдау туралы өтінішпен жүгініп отыр.

Қазір Қазақстан аумағында дәл осындай 17 орталық жұмыс істеп тұр. Бәріреспубликалық маңыздағы қалалар мен облыс орталықтарында орналасқан.Орталықтарда жұмысқа рұқсат алу және ұзарту, виза ресімдеу, азаматтықмәселелерді реттеу, шетелдіктерді тұрақты тұруға ресімдеу, шетелдік үшін ЖСН,сақтандыру полисін, жеке көші-қон нөмірін алу және медициналық куәландырусияқты мемлекеттік қызметтің 10-нан астам түрі «бір терезе» қағидатыменкөрсетіледі. Осы орталықтың жұмысы жанданғаннан бері еңбек мигранттары қажеттіқұжатты бұрын бір аптаның ішінде алатын болса, қазір бір күнде рәсімдейтінболған.

Көші-қон мәселесінің қалтарыс-бұлтарысын бір адамдай зерттеп жүрген АуытМұқибек «Оралман» акциясының құжат қыспағымен екі ортада қалып қойған талайқандастың мәселесін шешкенін айтады.

«Біз қандастардың алдынан шығып жатқан кедергілерді көп айтқанымыз сонша,келуге ниеттілерді үркітіп алдық. Соңғы кезде екі үлкен мәселенің беті беріқарады. Біріншіден, оралман мәртебесінің мерзімі өтіп кеткен қандастарғакешірім жасалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Президент ретіндегіөкілеттігін тоқтатуға 4 күн қалғанда Жарлық шығарып кетті. Сол Жарлық бойынша2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін мерзімі өтіп кеткен қандастардың бәрінеорталман мәртебесі ұзартылды», - дейді қоғам белсендісі.

Ауыт Мұқибектің айтуынша, бұл акция, әсіресе, Қытайдан келген қандастарғакөмектесті. Ал екінші акция өзбекстандыққазақтардың жылдар бойы қордаланған мәселесіне нүкте қоймақ.

«Тәуелсіздіктің 28 жылында азаматтық ала алмай жүрген қазақтар өтекөп. Әсіресе Өзбекстаннан келгенқандастарымызға тән мәселе бұл. Өйткені, Өзбекстан тәуелсіздік алғалы төлқұжатүлгісі 3 рет ауысқан. Соның кесірінен талай қандасымыз құжатын рәсімдей алмай келген.Енді ондай жандарға қолында бар құжаттардың негізінде «азаматтығы жоқ тұлға»деген статус беріп, ары қарай азаматтыққа өткізіп жатыр. Қазір осы акция жүріп жатыр», - дейдікөші-қон жанашыры.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мнистрлігінің дерегі бойынша, жылбасынан бері Қазақстанға 6976 шетелдік қазақ қоныс аударған. Ал мемлекеттенбөлінген квота саны 2 103 адам. Яғни, қазірдің өзінде 4873 адам квотадан тыс,өз күшімен тарихи отанына келген.

Ал өткен жылы тарихи отанға 8 913 отбасы немесе 14 541 қазақ қоныс аударып,оралман мәртебесін алған. Олардың 49 пайызы Өзбекстаннан, 37,3 пайызы Қытайдан,4,9 пайызы Моңғолиядан, 3,1 пайызы Түрікменстаннан, 1,3 пайызы Ресейден, 4,4пайызы басқа елдерден көшкен.

Көшіп келген қандастардың ішінде еңбекке қабілетті жастағы тұлғалардыңүлесі – 63,3 пайызды құраған. Тағы 27,2 пайызы жасқа дейінгі балалар болса, 9,6пайызы зейнеткер болған.

Соңғы жаңалықтар