Оралмандардың өмірлерін жайлы ету - мемлекет бақылауында - СҚО
19:10, 24 Желтоқсан 2009
ПЕТРОПАВЛ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өздерінің тарихи отандарына қоныс тепкен оралмандарды қабылдау және жайғастыру жағдайларымен танысты.
Сапар аясында ол Қызылжар ауданында болып, облыс әкімінің орынбасары Тілеген Қаскинмен, СҚО көші-қон департаментінің директоры Нұрлан Рамазановпен және аудан әкімі Әсет Ибраимовпен бірге Новокаменск орта мектебінде жергілікті оралмандармен кездесті.
Әңгіме қоныс тепкендердің тұрмыстық мен орналасу жағдайлары, әлеуметтік-тұрмыстық тұрғыда шешуді қажет ететін проблемалар, жас ұрпақ тәрбиесі туралы болды.